«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.09.2025 - 26.09.2025
Қабылдау 1 этап: 29.09.2025- 01.10.2025
Қабылдау 2 этап: 03.10.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу):
04.10.2025-06.10.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
09.10.2025- 11.10.2025
Сұхбат: 15.10.2025
Анықтама телефоны: 87162297246
D-О-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту
және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімінің бас маманы
(негізгі қызметкердің 2027 жылғы 31 шілдені қоса алғандағы мерзімге бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы)
Функционалдық міндеттері:
Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің үй жағдайында, жартылай стационар жағдайында (белсенді ұзақ өмір сүру орталығы), уақытша болу жағдайындағы (тұрмыстық зорлық-зомбылық, адам саудасы, әлеуметтік бейімделу орталығының құрбандары үшін) және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі басқа да бағыттар бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысын үйлестіру. Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту бойынша апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерді жинақтау және мониторингілеу. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға байланысты шаралар кешенін жүзеге асыру. Қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты ұйымдастыру. Семинарлар, түрлі іс-шаралар өткізу үшін материалдар дайындауға қатысу. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ кеңестің хатшысы. «Үздік әлеуметтік қызметкер» облыстық конкурсын өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс. Жоғары тұрған мемлекеттік органдарға қажетті ақпарат пен есептерді дайындау. Бюджеттік өтінімді қалыптастыру үшін жергілікті және республикалық бюджеттерді нақтылау бойынша сандық көрсеткіштердің есептерін уақытылы енгізу. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен сандық көрсеткіштердің уақытылы келісілуін қамтамасыз ету. Нормативтік-құқықтық актілер, негіздемелер, тікелей және түпкілікті сандық көрсеткіштер бөлігінде бюджеттік бағдарламалардың уақытылы жасалуын және оларға өзгерістер енгізілуін қамтамасыз ету.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар (құқық және экономика негіздері немесе әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтану немесе психология) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.