2020 жылғы 9 айда өтініштерді қарауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың қорытындысы туралы ақпарат

Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі облыс әкімінің аппаратында 2020 жылғы 9 айда өтініштерді қарауды ұйымдастыру жұмыстарына талдау жасады.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты. 

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыс әкімінің аппаратына 2891 өтініш келіп түсті, оның ішінде (2019 ж. қаңтар-қыркүйек – 2526), жазбаша – 2663 (2019 ж. қаңтар-қыркүйек – 2313), электронды (әкімнің блогы) – 228 (2019 ж. қаңтар-қыркүйек – 213). Өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда келіп түскен өтініштер саны 13% төмендеді.

Келіп түскен 2663 өтініштің ішінен: түсініктеме берілді - 1450, қанағаттандырылды - 175, басқа меморгандарға қайта жолданды - 1004 – («Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚРЗ сәйкес), 8 (Заңның 11-б. 1-т. қайталанған өтініштерде жаңа уәждер немесе жаңа ашылған жағдайлар келтірімеуіне, ал алдыңғы өтініштің материалдарында тексерістің толық материалдары болуына және өтініш иелеріне белгіленген тәртіпте жауаптар берілуіне байланысты), қаралуы тоқтатылды - 26 (Қарауды тоқтату туралы өтінішхаттың келіп түсуіне байланысты, ҚРЗ 14-б., 7-т.). Өтініштерді орындау мерзімдерін бұзу фактілеріне жол берілген жоқ.

Жазбаша өтініштердің барынша көп саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (475), еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету (275), жер және жер пайдалану (253), білім және денсаулық сақтау  (188), тұрғын үй беру (108), ауыл шаруашылығы (139), құрылыс (71) мәселелері бойынша келіп түсті.

«Электронды үкімет» порталы арқылы облыс әкімінің аппаратына 1084 өтініш келіп түсті, ол 2019 жылғы деңгейден 1,6 есеге артық (2019 ж.қаңтар-қыркүйек - 428). Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған өтініштерін жолдау үшін жалпы қол жетімді ақпараттық жүйелерді жиі пайдаланатын болды.

Бұл жағдайда,  ҚР ПМК келіп түсетін жазбаша өтініштер санының 56%-ға (110-нан 49-ға дейін) «Нұр Отан» париясынан 70%-ға (111-ден 34-ке дейін) төмендеуі байқалады.

Есеп беру кезеңінде ҚР Президентінің Әкімшілігінен келіп түскен өтініштер саны 1,5 есе өсті За отчетный период в 1,5 раза (138-ден 208-ге дейін).

Өңірлік бөліністе облыс әкімінің аппаратына келіп түскен жазбаша өтініштердің барынша ең көп саны Көкшетау қаласына тиесілі – 25% (667 өтініш), Целиноград - 8% (204 өтініш), Бурабай – 4% (98 өтініш), Атбасар - 3% (83 өтініш) аудандары, басқа өңірлерден - 45% (1202 өтініш).

Азаматтардың өтініштеріне жүргізілген талдау көрсетілген өңірлердің Көкшетау қ., Целиноград, Бурабай, Атбасар ауданы тұрғындары үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының (сумен қамсыздандыру, электрмен қамсыздандыру, электрмен қамсыздандыру, жалпы үй мүлкін жөндеу, жолдардың жағдайы) мәселелері барынша өзекті мәселелер болып саналатынын көрсетті, олардың жиынтық салмағы 22% немесе 339 өтінішті құрады. 

ҚР Президентінің Әкімшілігінен облыс әкімінің аппаратына жолданған 208 өтініштің, ең көп саны Көкшетау қ. тұрғындарынан түсті – 42 (соның ішінде 9 қайталанған), Целиноград ауданынан – 37 (соның ішінде 3 қайталанған), Атбасар ауданынан – 17 (соның ішінде 6 қайталанған), Бурабай ауданынан  - 9 (соның ішінде 2 қайталанған), Ақкөл ауданынан – 8 (соның ішінде 4 қайталанған), Аршалы ауданынан және Степногорск қ. – 7-ден (соның ішінде Аршалы ауданынан 3 қайталанған).

2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыс әкімінің аппаратына барлығы 169 қайталанған өтініш түсті (2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 159 қайталанған өтініш). Негізінен қайталанған өтініштердің себебі алдындағы өтініш бойынша қабылданған шешімге шағымдану, жергілікті атқарушы органның өтінішті сапалы қарау бойынша жеткіліксіз жұмысы болып табылады. Басым бөлігінде өтініш иелеріне түсініктеме беру сипатындағы жауаптар беріледі, олар бұған қанағаттанбайды және кейін қайта өтініш жазады немесе жоғарғы инстанцияларға жүгінеді.

Сонымен қатар, қайталанған өтініштердің ең көп саны Көкшетау қ. (59 өтініш), Целиноград (17 өтініш), Атбасар (13 өтініш), Бурабай (9 өтініш), Аршалы (8 өтініш) аудандарынан түсті.

Сондай-ақ 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте өтініштерді қайта қарау кезінде 1 өтініш оң шешілді, өткен жылдың сәйкес кезеңінде де 1 өтініш оң шешілді.

Қайталанған өтініштер санының азаймағаны бірінші қарау кезінде өтініштің сапасыз шешілгенін көрсетеді. Қайта қарау кезінде өтініш иелерінің уәждерін қанағаттандыру туралы шешім қабылданбайды.

Дата публикации
16 ноября 2020