Ақмола облысы әкімінің аппараты 2020 жылғы қаңтар-қазан кезеңінде облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды қабылдауы туралы ақпараты

Облыс әкімінің аппаратында облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды  қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес ай сайын жүргізіледі. Коронавирустың таралу қаупін азайту бойынша алдын алу шараларын қолдануға байланысты өтініш иесінің келісімімен кейбір қабылдаулар қашықтықтан жүргізіледі.

2020 жылғы қаңтар-қазан кезеңінде облыс әкімі мен оның орынбасарлары барлығы 177 адамды қабылдады (2019 жылғы қаңтар-қазан кезеңінде - 297). 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жеке қабылдауда қабылданған азаматтардың саны 49% қысқарды (төмендеу карантиннің алғашқы айларында жеке қабылдауды уақытша тоқтатумен байланысты).

Қабылданған азаматтардың жалпы санынан 59 – шағын және орта бизнес өкілдері, 35 – зейнеткерлер, 25 – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 25 – бюджеттік және бюджеттік емес сала қызметкерлері, 8 – жұмыссыздар, 10 – мүгедектер, 6 – үй шаруасында, 9 – көпбалалы отбасы.

Негізінен қабылдау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (40), жер және жер пайдалану (29), мәдениет, спорт және туризм (21), тұрғын үй беру (21), жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету (15), құрылыс (9), ауыл шаруашылығы (9), және басқа да (33) мәселелер көтерілді.

Қабылдау барысында берілген тапсырмалар бойынша, келесі шаралар қолданылды:

- 11 өтініш иесі бойынша мәселелер шешілді;

- 166 өтініш иесіне түсініктемелер берілді.

Дата публикации
16 ноября 2020