2025 жылдың 14 қыркүйекте Ақмола облысының 3 ауданында 5 сайлау округі бойынша ауылдар, ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті: Атбасар ауданы Тельман ауылдық округінің әкімін; Жарқайын ауданы Бірсуат ауылының әкімін; Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылдық округі мен Талапкер және Мәншүк Мәметова ауылдарының әкімдерін.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 8024 (22,67%)азамат енгізілді, оның ішінде 1819 дауыс беруге қатысты.
Әкімге кандидаттар саны – 14 адам.
Барлық 2 ауылдық округтерінде және 3 ауылда әкімдер сайланды.
Әкімдер болып сайланды: 3 – мемлекеттік қызметшілер (оның ішінде 2 - жұмыс істеп тұрған әкімдер), 1(6,7%) коммерциялық саласының жұмыскері, 1(6,7%) -зейнеткер.
Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 2, өзін өзі ұсыну -3 адам.
Сайлаушылардың максималды қатысуы 94,75% (Целиноград ауданы Мәншүк Мәметова а.), минималды – 15,54 % (Целиноград ауданы Талапкер ауылы).
Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.