«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16-22 қыркүйек
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 30 қыркүйек – 2 қазан
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 5-7 қазан
Сұхбат: 10 қазан
Анықтама телефоны: 87162297231
D-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693 теңге
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы әкімі аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бас маманы, D–4 (№ 10-2).
Функционалдық міндеттері: «Жолданымдарды, хабарламаларды, сұраныстарды, пікірлерді, ұсыныстарды қарау туралы» № 1-ОЛ нысанды жиынтық есепті қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің талаптарына сәйкес «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмыс бойынша қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының, облыстық басқармалар мен ведомстволардың қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Келіп түскен өтініштерді талдау, жүйелік проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу. Аудан/қала бөлінісінде проблемалық мәселелерді мониторингілеу, проблемалық мәселелер картасын қалыптастыру. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен келіп түскен жолданымдарды қарау сапасын бақылау. Жолданымдарды қарау сапасы мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратының, аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу. Облыс әкімінің аппаратында не облыстың басқа елді мекенінде жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісімен бейнеконференцбайланыс форматында ұйымдастыру. Облыс әкімі орынбасарларының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын дайындау, ұйымдастыру және өткізу, жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау барысында берілген өтініштер мен тапсырмалардың қаралуын бақылауды жүзеге асыру. Аудандық, ауылдық деңгейлердегі жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау жөніндегі жұмысына мониторинг жүргізу.
Білімі бойынша талап: педагогикалық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
1 жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.