«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13-19 қыркүйек
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 27-29 қыркүйек
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
2-4 қазан
Сұхбат: 8 қазан
Анықтама телефоны: 87162297231
D-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693 теңге
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы әкімі аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бас маманы, D–4 (№ 10-5).
Қызметтік міндеттері: Азаматтарды қабылдау орталығына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, мазмұнын зерделеу және есепке алу. «Нәтиже» бағдарламасында өтінімдерді тіркеуді қамтамасыз ету. Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысы бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептерді дайындауды жүзеге асыру. Азаматтарды қабылдау және кеңес беру, қызмет көрсету саласындағы қызметтермен байланысты мәселелер бойынша толық ақпарат ұсыну, қызметтерді ұсыну тәртібін, қажетті құжаттардың тізбесін, мерзімдері мен шарттарын түсіндіру, қызметтерді алу процесінде азаматтарды қолдау, өтініштің мәртебесі туралы ақпарат беру, жеке қабылдауға алдын ала жазылуда көмек көрсету, өтінімдерді толтыру, қызмет көрсету саласында ұйымдармен және құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау, азаматтардың осал топтарымен жұмыс жүргізу, мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына және өмірлік қиын жағдайға душар болған басқа да санаттарға жеке көзқарас қалыптастыру, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету, азаматтарды қабылдау орталығында өзін-өзі өрттеу және дене мүшесін зақымдау қаупі жағдайында айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ақмола облысы бойынша азаматтарды қабылдау орталықтарының жұмысын бақылау. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізуде талдамалы ақпарат дайындауға қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар (тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау немесе педагогика және психология немесе пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау немесе жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау немесе гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау немесе әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар немесе тілдер және әдебиет) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс немесе қызмет көрсету саласы) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
1 жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.