«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу және мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы байланысты орнату

Бүгінгі күнде өңірдегі 17 аудандық және 2 қалалық (Көкшетау, Степногорск ққ.)  әкімдіктерінің қызметі «Сервистік әкімдік» жұмыс нысанына көшті, бұл ауылдық елді-мекендердің тұрғындарына жергілікті фронт-офиске жолығып, бір ғимараттан мемлекеттік қызметтерді алу үшін мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мемлекеттік органның фронт-офис  басшылары мен қызеткерлерінің барынша ашықтығы мен қол жетімділігі қамтамасыз етілген.

«AQMOLA – Adaldyq Alaṅy» жобалық офис алаңшасында жемқорлыққа қарсы қызметінің және құқықтық қорғау органдарының басшыларымен азаматтардың қабылдауы жүргізіледі.

Үстіміздегі жылы облыс әкімімен 91 адам қабылданды. Жалпы алғанда, облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 1400-ге жуық адам қабылданды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында «Ашық әкімдік» нысанында кеңейтілген азаматтардың жеке қабылдауы өткізілді, сондай-ақ барлық облыстық құрылымдардың және орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Осы күні жеке облыс әкімімен 56 адам қабылданды.

Сонымен бірге, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мемлекеттік орган басшысының «тікелей эфирі» арқылы әлеуметтік желілердегі жұмысы белсендендірілген.

Өңірдің аймақтық геоақпараттық жүйесін құру бойынша жұмысы жүргізілуде. Жер қатынастары саласында барлық мемлекеттік қызметтерді көрсету жоспарланады.

Көрсетілген шаралар қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуға, әкімшілік тосқауылдарды, қағаз құжат айналымының санын, сондай-ақ келіп түсетін шағымдардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

Дата публикации
13 ноября 2020