Ақмола облысында 4 ауданында, 1 кент, 3 ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы өткізіледі.
Бұл ретте барлық 4 әкім өкілеттіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайланады (1 – өлімге байланысты, 1-денсаулық жағдайы бойынша, 1- көшуге байланысты, 1-басқа ауылдық округтің әкімі болып сайлануына байланысты).
12 кандидат ұсынылды, оның ішінде «RESPUBLIKA» саяси партиясы – 1 (8,0%); өзін-өзі ұсыну арқылы - 11 (92%).
Барлығы 12 кандидат тіркелді, оның ішінде 1 (8,0%) – «RESPUBLIKA»
саяси партиясынан, өзін-өзі ұсыну арқылы - 11(8,0%).
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3 адамды құрайды.
12 үміткердің 3 (25%) -әйелдер.
Үміткерлердің 7 – белсенді мемлекеттік қызметші, 3 –коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 2-уақытша жұмыс істемеіді.
Орташа жас – 41,0 жаста болса, ең кішісі-28 жаста, ең үлкені -62 жаста.
Кандидаттардың 1(8,4%) үміткер облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада турады, 9(75%) ауданда, басқа ауыдық округтерінде тұрады, 2 (16,6%) өздері сайлауға түскен ауылдық округтерде тұрады.