Ақмола облысының облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2027 жылғы 4 қыркүйекті қоса алғандағы мерзімге бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы).

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысының облысының ауыл шаруашылығы және

жер қатынастары басқармасы

 

Конкурс туралы ақпарат

  Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.08.2025 – 05.09.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.09.2025 – 15.09.2025 Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 18.09.2025 – 20.09.2025

Сұхбат: 24.09.2025

Анықтама телефоны: 87162297246

D-О-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысының облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің

бас маманы (негізгі қызметкердің 2027 жылғы 4 қыркүйекті қоса алғандағы мерзімге бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы).

 

 

Функционалдық міндеттері:

                Жүктелген өкілеттіктерге сәйкес аудандық, қалалық жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау; жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою кезінде сметалық құны бөлігінде аудандық, қалалық жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру; аудандардың, қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сегменттеу мәселелері бойынша жұмысын үйлестіру; өз құзыреті шегінде жер учаскелерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысын есептеу; өз құзыреті шегінде сатып алу-сату шарттарын, жерді жалға алу және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу; жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылау және талап қою және сот ісін жүргізу үшін материалдарды беру; жер заңнамасында белгіленген құзырет шегінде жер учаскелерін беру мәселелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; жерді резервте ұстау бойынша ұсыныстар мен шешімдердің жобаларын дайындау; сервитуттарды белгілеу бойынша ұсыныстар мен шешімдердің жобаларын дайындау; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бір түрден екіншісіне ауыстыру бойынша жобаларды қарау және қорытындылар беру; жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту; орталық және жергілікті атқарушы органдармен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен, жетекші мемлекеттік жер кадастрымен және жер қатынастары саласындағы өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; жер және басқа да құқықтық қатынастар мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; берілген өкілеттіктерге қатысты есептерді дайындау және ұсыну; жүктелген өкілеттіктерге жататын мәселелер бойынша комиссиялар отырыстары мен отырыстарының баяндамалары мен хаттамаларын дайындау; бөлім басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

Білімі бойынша талап:

        жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жерге орналастыру немесе кадастр) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия) немесе бизнес, басқару және құқық (заңтану) саласында

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                            Шағым жасау тәртiбi

        Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

Дата публикации
29 августа 2025