«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысының облысының ауыл шаруашылығы және
жер қатынастары басқармасы
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.08.2025 – 05.09.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.09.2025 – 15.09.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 18.09.2025 – 20.09.2025
Сұхбат: 24.09.2025
Анықтама телефоны: 87162297246
D-О-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мал шаруашылығы және асылдандыру ісі бөлімінің бас маманы.
Функционалдық міндеттері:
Мал шаруашылығын дамыту мониторингін жүзеге асыру. Мал азығын өндіруді ұйымдастыру және дамыту. «Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсету. «Микрокредиттерге кепілдік беру жөніндегі комиссия» мемлекеттік қызметін көрсету. Мал шаруашылығы саласында іске асырылатын Бағдарламалар бойынша облыс өңірлерінде Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында кәсіпкерлікті дамытуға және несиелендіруге жәрдемдесу.
Білімі бойынша талап:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар ауыл шаруашылығы және биоресурстар (мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) немесе ветеринария (ветеринария немесе ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария) саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.