Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы әлеуметтік саладағы объектілердің құрылысы бөлімінің бас маманы.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысының құрылыс,

сәулет және қала құрылысы басқармасы

 

Конкурс туралы ақпарат

  Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.08.2025 – 05.09.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.09.2025 – 15.09.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 18.09.2025 – 20.09.2025

Сұхбат: 24.09.2025

Анықтама телефоны: 87162297246

D-О-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы әлеуметтік саладағы объектілердің құрылысы бөлімінің бас маманы.

 

 

Функционалдық міндеттері:

        Бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан әлеуметтік сала объектілері құрылысының барысына мониторинг жүргізу. Министрліктерге, облыстық әкімдікке және басқа да ұйымдарға есепті деректерді жасау, негізгі қызмет мәселелері бойынша аудандық (қалалық) әкімдіктермен және құрылыс бөлімдерімен хат алмасу. Негізгі қызмет мәселелері бойынша республикалық салалық министрліктермен және өңірлік салалық бөлімшелермен, негізгі қызмет мәселелері бойынша сәулет-құрылыс бақылау органдарымен, әкімшілері басқарма болып табылатын әлеуметтік сала объектілерінде құрылыс қызметін жүзеге асыратын мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Аудандардан (қалалардан) аралық және қорытынды есептерді бақылау және қабылдау, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілеріне аралық және қорытынды есептерді уақтылы ұсыну; Ақмола облысының аудандық және қалалық деңгейлерінде әлеуметтік сала объектілерін салу жөніндегі даму бағдарламаларын іске асыру бойынша талдамалық ақпарат дайындау; Мониторинг және Басқарма әкімші болып табылатын құрылыс объектілерін жергілікті қамту бойынша жинақтау; Нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге, келісуге, өзгерістер енгізуге және қолданысқа енгізуге қатысу; Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы және ғимараттарды реконструкциялау туралы хабарламалар алу.

 

Білімі бойынша талап:

        жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарын өндіру немесе инженерлік жүйелер және желілер) саласында

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                            Шағым жасау тәртiбi

        Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 августа 2025