Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы экологиялық реттеу және су ресурстарын қорғау бөлімінің бас маманы.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысының табиғи ресурстар және

табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

 

Конкурс туралы ақпарат

  Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.08.2025 - 03.09.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 11.09.2025-13.09.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 17.09.2025- 19.09.2025         

Сұхбат: 24.09.2025

Анықтама телефоны: 87162297246

D-О-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды

реттеу басқармасы экологиялық реттеу   және су ресурстарын қорғау бөлімінің бас маманы.

 

 

Функционалдық міндеттері:

          II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты ресімдеу, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны қабылдау, қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну, рұқсаттар бойынша жинақталған ақпаратты жүйелеу және талдау. Қоршаған ортаны ластағаны үшін есептеулер жасау. Шағын өзендер мен су айдындарының ластануын болдырмау және жою жөніндегі іс-шараларына өткізуіне қатысу. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау және орнату бойынша жұмыстар жүргізу. Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін, жай-күйін мониторингілеуді жүргізу, жыл сайын көп факторлы зерттеп-қарауды ұйымдастыру. Су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйі мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты жүзеге асыру.

 

Білімі бойынша талап:

        жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (экология немесе геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару) немесе қызмет көрсету (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс (құрылыс немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                            Шағым жасау тәртiбi

        Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 августа 2025