Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2025 жылдың қаңтар-шілде айларындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

  • 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 196 431,6 млн. теңгені (НКИ – 103,8%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 12 376,2 млн. теңге (НКИ –104,6%), мал шаруашылығы – 184 005,0 млн. теңге (НКИ – 103,7%) құрады.
    • Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-шілдеде 57,5 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 153,3% құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,0 млрд. теңгені құрады.
      •  
      • Облыста барлығы 8432 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1931 - заңды тұлғалар, 476 - жеке кәсіпкерлер, 6025 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
    •  
  • Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 22,9% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 402,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 92,2 мың адам (2025 жылғы 2 тоқсанның қорытындысы бойынша).
    • 2025 жылдың 2-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 348,7 мың теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,8% - ға өсті (2024 жылдың қаңтар-маусым – 279,5 мың теңге).
    •  
    • Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
    • АӨК субсидиялау

          Субсидиялау түріндегі 2025 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 63,3 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

  • - өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 26,6 млрд. теңге (пестицидтер – 9 687,5 млн. теңге, тыңайтқыштар – 15 171,4 млн. теңге, тұқымдар– 1 235,0 млн. теңге, басым дақылдар – 500 млн. теңге);

          -мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,7 млрд. теңге;

  •  - қаржы құралдары – 30,3 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар –       21 014,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 9 245,3 млн. теңге, қарыздарға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде-86,76 млн. теңге);
  • -терең өңдеуді субсидиялауға – 0,6 млрд. теңге.
      • Өсімдік шаруашылығы

Ағымдағы жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 5,5 млн. га құрады, оның ішінде:

- дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4 681,4 мың га алқапқа орналастырылды;

- майлы дақылдар - 495,4 мың га;

- жемшөп дақылдары - 336,6 мың га;

- картоп - 8,7 мың га;

- көкөністер - 1,4 мың га.

  • Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2025 жылғы қаңтар-шілдеде АШТӨ барлығы 39,8 млрд. теңге сомасына 1115 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:

- астық жинайтын комбайндар – 11,6 млрд. теңге сомасына 97 бірлік;

- тракторлар – 11,4 млрд. теңге сомасына 280 бірлік;

- егіс кешендері - 6,5 млрд. теңге сомасына 49 бірлік;

- сепкіштер - 0,4 млрд. теңге сомасына 182 бірлік;

- басқа техника – 9,9 млрд.теңге сомасына 507 бірлік.

Мал шаруашылығы

  • 2025 жылғы қаңтар-шілде айларында облыста өндірілді:
    • - тірі салмақтағы ет 122 мың тонна немесе 105,4% 2024 жылғы деңгейге қарай;
    • - сүт – 140,9 мың тонна немесе 101,4%;
    • - тауық жұмыртқасы – 399,2 млн. дана немесе 98,7% ("Capital Projects LTD" ЖШС өндірісінің төмендеуі, Степногорск қаласында "Юхман" ЖК жабылуы, ЖҚШ-дағы құлдырау).
    • Мал басының жалпы саны:
    • - шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 392,5 мың басты немесе 97,2% құрайды, оның ішінде
    • - сиыр басы – 185,8 мың бас немесе 96,4%;
    • - жылқылар - 271,2 мың бас немесе 102%;

- қой мен ешкі – 622,2 мың басты немесе 100,8%;

  • - құстар – 9 644,1 мың басты 106,1%;
  • - шошқа – 41,1 мың басты 95,8%.
    •  

2025 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру

  • 2025 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 45,1 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:
  • - құс шаруашылығы бойынша - 12,0 млрд. теңге сомасына 1 жоба;
  • - СТФ құрылысы бойынша - 15,2 млрд. теңге сомасына 4 жоба;
  • - суару бойынша - 0,8 млрд. теңге сомасына 3 жоба;
  • - ет фермаларын салу бойынша - 700 млн. теңге сомасына 1 жоба;
  • - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша - 8,2 млрд. теңге сомасына 5 жоба;
  • - астық, картоп, көкөніс қоймаларын салу бойынша - 8,2 млрд. теңге сомасына 6 жоба.

 

Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу

Ақмола облысында:

- өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 1108,5 мың тоннаны құрайтын 30 ұн тарту;

- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

  • 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында 166,0 млрд. теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға өсті.
  • Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 44,9%, сүт – 13,7%, өсімдік майы – 16,1%, астық өңдеу – 11,5%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 2,2%, өзге салалар – 11,6% алады.

 

Етті қайта өңдеу

  • Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 58,5 мың тонна ет өндірді, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 10,4% - ға өсті, шұжық өнімдері - 1771 тонна 2024 жылдың өткен жылдың деңгейінде.
  •  
  • Сүтті қайта өңдеу
  • Өңделген сүт өндірісінің көлемі 79,4 мың тоннаны құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 8,7% - ға өсті, сары май 1294 тонна, ірімшік және сүзбе – 111 тонна, ашымал сүт өнімдері – 5,4 мың тонна өндірілді немесе 8,5% - ға өсті.
  •  
  • Майлы дақылдарды қайта өңдеу
  • Өндірілген өсімдік майының көлемі 47,9 мың тонна 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 2,1% - ға өсті.
  •  
  • Ұн өндіру
  • Ұсақ тартылған ұн 114,4 мың тонна құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 2,1% - ға өсті.
Дата публикации
26 августа 2025