Ақмола облысында 3 ауданында, 2 ауыл, 3 ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы өткізіледі.
Бұл ретте 2 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 3 әкім өкілеттіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайланады (2 – көшүге байланысты, 1-басқа себеппен).
15 кандидат ұсынылды, оның ішінде «АМАНАТ» саяси партиясы – 2 (14%); өзін-өзі ұсыну арқылы - 13 (86%).
Барлығы 15 кандидат тіркелді, оның ішінде 2 (14%) – «АМАНАТ»
саяси партиясынан, өзін-өзі ұсыну арқылы - 13(86%).
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3 адамды құрайды.
15 үміткердің 10 (66%) -әйелдер.
Үміткерлердің 10 – белсенді мемлекеттік қызметші, 2 – аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері,
1 – бюджеттік саланың қызметкері, коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері-1, басқалар-1.
Орташа жас – 41,6 жаста болса, ең кішісі-26 жаста, ең үлкені -59 жаста.
Кандидаттардың 3(20,0%) үміткер облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада турады, 10(66,7%) ауданда, басқа ауыдық округтерінде тұрады, 2 (13,3%) өздері сайлауға түскен ауылдық округтерде тұрады.