Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру.

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23-29 қыркүйек

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 9-11 қыркүйек

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
14-16  қыркүйек                 

Сұхбат: 19  қыркүйек

Анықтама телефоны: 87162297231

D-О-2 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 441 254 теңге

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары.

Функционалдық міндеттері: МСАК емдеу-алдын алу ұйымдарының жұмысын жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік, өңірлік, салалық және стратегиялық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. ҚР Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді. Жоғары және орта медициналық оқу орындары үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық базаларды ұсынады. Тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды және төтенше жағдайлар кезінде көрсетуді ұйымдастырады. Медициналық және фармацевтикалық кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығындағы адамдарды ұстауды бақылауды жүзеге асырады. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмектермен және қан компоненттерімен қамтамасыз ету, бас бостандығынан айыру орындарында (түрмелерде, түзеу колонияларында және т.б.) адамдарға медициналық көмек көрсету жағдайын бақылауды және талдауды қамтамасыз етеді. Уәкілетті органға Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды бақылауды, бейімдеуді жүзеге асырады. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды. Әскери қызмет мүддесі үшін ҚР азаматтарына медициналық куәландыру жүргізу үшін құрылатын медициналық комиссиялардың дербес құрамын әзірлейді және бекітеді және олардың қызметін ұйымдастырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ҚР ДСМ, облыстық әкімдік және басқа да ұйымдарда есепті деректерді дайындауды қамтамасыз етеді.

Білімі бойынша талап: денсаулық сақтау саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

        Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
22 августа 2025