Ақмола облысының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды 2025 жылғы 21 қыркүйекте тағайындау туралы хабарлама

Біржан сал, Бурабай, Зеренді, Шортанды аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2025 жылғы 13 тамыздағы ауыл, кент, және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы қаулыларының негізінде, 2025 жылғы 21 қыркүйекке Ақмола облысының келесі елді мекендердің әкімдерін  сайлау тағайындалды:                                        

Біржан сал ауданы – Уәлихан ауылдық округінің әкімін;

Бурабай ауданы – Бурабай кентінің әкімін;

Зеренді ауданы – Симферополь ауылдық округінің әкімін;

Шортанды ауданы – Петровка  ауылдық округінің әкімін.

Сайлауды тағайындау бойынша, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылды және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

 

 

Дата публикации
15 августа 2025