Ақмола облысының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды 2025 жылғы 14 қыркүйекте тағайындау туралы хабарлама

Атбасар, Жарқайын, Целиноград аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2025 жылғы  6 тамыздағы ауыл, кент, және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы қаулыларының негізінде, 2025 жылғы 14 қыркүйекке Ақмола облысының келесі елді мекендердің әкімдерін  сайлау тағайындалды:

                                                    

Атбасар ауданы – Тельман ауылдық округінің әкімін; 

Жарқайың ауданы – Бірсуат ауылының әкімін;

Целиноград ауданы – Талапкер, Мәншүк Мәметова ауылдарының әкімдерін;

 

Сайлауды тағайындау бойынша, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылды және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

 

Дата публикации
07 августа 2025