Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

2025 жылғы қаңтар-маусымда айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 158 503,5 млн. теңгені (НКИ-104,2%) құрады оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 1 349,0 млн. теңге (НКИ-100%), мал шаруашылығы - 157 122,8 млн. теңге (НКИ-104,1%).

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-маусымда 50,2 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 147,3% -ды құрады.

2025 жылғы қаңтар-маусымда тамақ өнімдерінің өндірісіне негізгі капиталға инвестициялар 2,6 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 61,4% -ды құрады (қайта өңдеу кәсіпорындарына күрделі салымдардың төмендеуі есебінен).

Облыста барлығы жұмыс істеп тұрған 8432 агроқұрылым бар, оның ішінде: 1931 - заңды тұлғалар, 476 - жеке кәсіпкерлер, 6025 - шаруа-фермер қожалықтары.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны - жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 21,5% (барлығы - 400,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 85,9 мың адам (2025 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша).

Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 2025 жылғы 1-тоқсанда 269,6 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,2% -ға өсті (2024 жылғы қаңтар-наурызда - 207,0 мың теңге немесе 106,9%).

Дата публикации
30 июля 2025