Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.
01.06.2025ж. халық саны – 787,9 мың адам, оның ішінде қалалық - 453,2 мың адам (57,5%).
Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,8%, орыстар – 26,3%, басқалар – 16,9%
2025 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде 722 жұмыс орнын құра отырып, 9,7 млрд. теңгеге 7 жобаны іске асыру жоспарлануда.
2025 жылы шағын және орта бизнесті қолдау және дамытуды іске асыруға 8,8 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 7,8 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 276,3 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 523,9 млн. теңге.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 111,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды немесе 2024 жылғы көрсеткішке қарағанда 54,9%-ға. 273 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 15%-ға).
Орташа айлық атаулы жалақы 2025 жылғы қаңтар-наурызда 343,5 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 9,6%-ға жоғары.
Тұтыну бағаларының индексі 107,1%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 108,1%-ды құрады.
2025 жылдың 1 шілдесіне 337,2 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 96,5% игерілді.
Мемлекеттік бюджетке 310,9 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 112,9%, оның ішінде республикалық бюджетке – 184,4 млрд. теңге (болжамға 110,3%), жергілікті – 126,5 млрд. теңге (болжамға 121,8%) түсті.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 94,5%.
Білім беру саласында Біржан сал ауданының Бұланды ауылында, Сандықтау ауданының Петровка ауылында, Степногорск қаласының Бестөбе ауылында 460 орындық
3 мектептің құрылысы аяқталды.
Сондай-ақ, Целиноград ауданында (Жаңа Жол а.) 80 орындық мектептің құрылысы аяқталу сатысында.
Көкшетау қаласында мектептің, сондай-ақ Целиноград ауданында (Қараөткел а.), Қосшы және Көкшетау қалаларында
3 балабақшаның құрылысы жалғасуда.
Денсаулық сақтау саласында Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аурухана құрылысы жалғасуда.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде Аршалы ауданының Арнасай, Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылдарында 2 дәрігерлік амбулаторияның және Целиноград ауданының Шалқар ауылында 1 медициналық пункттің құрылысы аяқталды.
Сондай-ақ, 7 нысанның құрылысы жалғасуда (2 дәрігерлік амбулатория: Астрахан ауданының Старый Колутон, Жарқайың ауданының Пятигорское, 5 ФАП: Буланды ауданының Партизанка және Алтынды, Жақсы ауданының Кировское, Целиноград ауданының Жарлыколь, Шортанды ауданының Пригородное).
2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 35,6 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 42 объектінің құрылысына (20,7 млрд. теңге) және 44 объектіні қайта жаңартуға
(13,2 млрд. теңге), 6 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (126,1 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (71,7 млн. теңге), 12 объектіні ағымдағы жөндеуге (560,2 млн. теңге,), 41 КБМ (940,4 млн. теңге) орнатуға бағытталды.
2025 жылғы қаңтар-маусымда ауыр қылмыстардың 22,2%-ға (590-нан 459-ға дейін), төмендегені байқалды, олардың ашылуы
72%-ды құрады. Аса ауыр қылмыстар саны 2 есеге (61-ден 31-ге дейін) төмендеді, олардың ашылуы 100%-ды құрады.