Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.07.2025 - 25.07.2025
Қабылдау 1 этап: 28.07.2025- 30.07.2025
Қабылдау 2 этап: 01.08.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 02.08.202-04.08.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
07.08.2025- 09.08.2025
Сұхбат: 13.08.2025
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жастар және отбасы істері жөніндегі бөлімінің бас маманы (№06-04).
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын зерделеу және жүзеге асыруды талдау; жастар қоғамдық бірлестіктеріне, ҮЕҰ-ға жастар саясатын іске асыру, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамыту мәселелерінде әдістемелік көмек көрсету; ауылдық жерлерге жас мамандарды тарту мәселелері және бөлімнің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша ауыл жастарымен, жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау; Ақмола облысы жастарының өңірлік паспортын дайындау; жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету және оларды жұмысқа орналастыру, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және индустрияландыру бағдарламасына жастардың қатысуы мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты жүзеге асыру; жетекшілік ететін мәселелер бойынша кеңестер мен комиссиялардың отырыстарына материалдар дайындауды қамтамасыз ету; Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендияларын беру бойынша жұмысты ұйымдастыру; жастар қоғамдық бірлестіктерінің дерекқорын қалыптастыру; мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша бөлімнің ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерін, талдамалық және ақпараттық материалдарын дайындау; бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және қою; жастармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік құралдарды, анықтамалықтарды, брошюраларды әзірлеу; бөлім құзіреттілігіне қатысты мекемелердің және азаматтардың өтініш, арыз және ұсыныстарын қарастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология немесе тарих немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе шетел тілі: екі шетел тілі немесе қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе филология) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтану немесе саясаттану немесе психология немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.