«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақмола облысы әкімінің аппараты. Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы әкімшілік-қаржылық бөлімінің бас маманы (№02-03).

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.07.2025 - 25.07.2025

Қабылдау 1 этап: 28.07.2025- 30.07.2025

Қабылдау 2 этап: 01.08.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 02.08.202-04.08.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

07.08.2025- 09.08.2025

Сұхбат: 13.08.2025

        Анықтама телефоны: 87162297231

        D-O-4 санат (блок В) үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700

        (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

        Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы әкімшілік-қаржылық бөлімінің бас маманы (№02-03).

 

Функционалдық міндеттері:

Басқарманың  құқықтық-нормативтік қызметін қамтамасыз ету; азаматтық-құқықтық қатынасты реттеу жұмысын жүзеге асыру, сот процессіне қатысу; облыс әкімінің қаулысы, үкімі мен бұйрығының жобасын дайындау және келісу   рәсімдерін ұйымдастыру; басқарманың хаттары мен келісім-шарттарының құқықтық сараптама жобасын ұйымдастыру; басқарманың жемқорлықпен күресу және құқықтық түсініктеме жұмысының бағдарламасын әзірлеу; заңды және жеке тұлғалардың өтініштері жөнінде есеп беруді әзірлеу және тапсыру; құқықтық білім мектебін ұйымдастыру және іске асыру; мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу бойынша құжаттарға құқықтық сараптама жүргізуді жүзеге асыру; бекітілген график бойынша тиісті инстанцияларға ағымдағы есепті уақытында жинап, талдап ұсыну; мемлекеттік сатып алу процесін, жұмыстарды және қызметтерді үйлестіру және бақылау; қоғамдық жұмыстар мен сатып алу процестерін жүзеге асыру, конкурстық құжаттаманы дайындау; азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасау және жасау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау.

 

Білімі бойынша талап:

         бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (құқық қорғау қызметі) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
18 июля 2025