Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.07.2025 - 25.07.2025
Қабылдау 1 этап: 28.07.2025- 30.07.2025
Қабылдау 2 этап: 01.08.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 02.08.202-04.08.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
07.08.2025- 09.08.2025
Сұхбат: 13.08.2025
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-3 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 327 923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мал шаруашылығы және асылдандыру ісі бөлімінің басшысы (№06-01).
Функционалдық міндеттері:
Мал шаруашылығында бірыңғай технологиялық саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды басқару. Асыл тұқымды шаруашылықты дамытуға, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған субсидиялау бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының игерілуін бақылау. Мал шаруашылығын дамыту мониторингін ұйымдастыру. Мамандандырылған мал шаруашылықтарының өсуіне жағдай жасау. Асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды бақылау.
Білімі бойынша талап:
ауыл шаруашылығы және биоресурстар (мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы) немесе ветеринария (ветеринария немесе ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.