АӨК негізгі көрсеткіштері
2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 127 515,7 млн. теңгені (НКИ – 106,6%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 1 101,3 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 126 397,7 млн. теңге (НКИ – 106,6%) құрады.
Облыста барлығы 8650 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1910 - заңды тұлғалар, 522 - жеке кәсіпкерлер, 6218 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-мамырда 20,7 млрд. теңгені құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,0 млрд. теңгені құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 21,5% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 400,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 85,9 мың адам (2025 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша).
2025 жылдың 1-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 269,6 мың теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2% - ға өсті (2024 жылдың қаңтар-наурыз – 207,0 мың теңге немесе 106,9%).