Ақмола облысында 2 қалада және 17 ауданда тағайындалған 7 кент, 15 ауыл және 45 ауылдық округ әкімдерін сайлау өткізіледі.
Бұл ретте 62 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 5 - өкілеттіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты (2-көшуіне байланысты, 1-денсаулық жағдайы байланысты, 1-отбасылық мән-жайларға байланысты, 1-жаңадан құрылған ауылдық округ) сайланады.
229 кандидат ұсынылды, оның ішінде «AMANAT» саяси партиясы - 45 (19,65%); «Қазақстан Халық партиясы»- 4 (1,74%), «Ауыл» ХДПП - 1 (0,43%); өзін – өзі ұсыну-179 (78,16%).
19 кандидатқа тіркеуден бас тартылды, оның 4-і құжаттардың толық топтамасын ұсынбауына байланысты, оның ішінде 1-і сайлау жарнасын енгізбеуіне байланысты, 15 кандидат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді, 3 кандидат тіркеуге дейін ұсыну туралы өтінішті кері қайтарып алу туралы жеке өтініші бойынша.
207 кандидат тіркелді, оның ішінде «AMANAT» саяси партиясынан - 45 (21,73%), «Қазақстан Халық партиясы»- 4 (1,93%), өзін – өзі ұсыну-158 (76,32%).
Орташа бәсекелестік - 3,1 адам.
207 үміткердің 101 (48.79%) әйелдер.
122 кандидат жұмыс істеп тұрған мемлекеттік қызметшілер, 30 - ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, 29 - бюджет саласының қызметкерлері, 1 - саяси партиялардың қызметкерлері, 9 - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 8 - уақытша жұмыс істемейтіндер, 8 - басқалары.
Орташа жасы-43,1 жас, ең жасы - 26 жас, ең үлкені – 62 жас.
4 (1.9%) кандидаттар облыста басқа ауданда тұрады, 148 (71.5%) кандидаттар ауданда басқа ауылдық округтерде тұрады, 48(23.2%) кандидаттар сайлауға түсетін ауылдық округте тұрады, 7 (3.4%) кандидаттар басқа облыста, республикалық маңызы бар қалада тұрады.