Ақмола облысының 2025 жылғы қаңтар-мамырдағы даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.

01.05.2025ж. халық саны – 787,7 мың адам, оның ішінде қалалық - 452,7 мың адам (57,5%).

Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. 

Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,8%, орыстар – 26,3%, басқалар – 16,9%

  1. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 968,4 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2024 жылғы деңгейге 102%.

2025 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде 722 жұмыс орнын құра отырып, 9,7 млрд. теңгеге 7 жобаны іске асыру жоспарлануда.

  1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
    127,5 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2024 жылдың деңгейіне 106,6%.
  2. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны
    60,3 мың бірлікті құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 3,6%-ға жоғары.

2025 жылы шағын және орта бизнесті қолдау және дамытуды іске асыруға 8,7 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 7,8 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 276,3 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 428,1 млн. теңге.

  1. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі
    18,9%-ға өсіп, 171 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 63,3 млрд. теңгеге дейін  ұлғайды немесе 2024 жылғы көрсеткішке қарағанда 39,8%-ға.

  1. Жұмыссыздық деңгейі (2025 жылғы 1 тоқсанға) - 4,6% (19,4 мың адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-34 жас аралығында) – 3,1% (2025 жылғы 1 тоқсанға). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (94 мың адам) – экономикалық белсенді халықтың (419,7 мың адам) 22,4%-ы.

Орташа айлық атаулы жалақы 2025 жылғы қаңтар-наурызда 343,5 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 9,6%-ға жоғары.

Тұтыну бағаларының индексі 105,7%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 106,4%-ды құрады.

  1. 2025 жылға арналған облыс бюджеті - 728,8 млрд. теңге (республикалық бюджеттен трансферттер, субвенциялар - 63,7%).

2025 жылдың 1 маусымына 270,2 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 96,6% игерілді.

Мемлекеттік бюджетке 265,6 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 112%, оның ішінде республикалық бюджетке – 166,5 млрд. теңге (болжамға 109,6%), жергілікті – 99,1 млрд. теңге (болжамға 116,3%) түсті.

  1. 2025 жылы әлеуметтік салаға 358,3 млрд. теңге (облыс бюджетінің 49,2%), оның ішінде білім беруге – 268,6 млрд. теңге (36,9%), денсаулық сақтауға – 18,5 млрд. теңге (2,5%) қарастырылған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 94,5%.

Білім беру саласында Біржан сал ауданының Бұланды ауылында, Сандықтау ауданының Петровка ауылында, Степногорск қаласының Бестөбе ауылында 460 орындық
3 мектептің құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ, Целиноград ауданында (Жаңа Жол а.) 80 орындық мектептің құрылысы аяқталу сатысында.

Көкшетау қаласында мектептің, сондай-ақ Целиноград ауданында (Қараөткел а.), Қосшы және Көкшетау қалаларында
3 балабақшаның құрылысы жалғасуда.

Денсаулық сақтау саласында Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аурухана құрылысы жалғасуда.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде 10 нысанның құрылысы жалғасуда (4 дәрігерлік амбулатория: Астрахан ауданының Старый Колутон, Аршалы ауданының Арнасай, Жарқайың ауданының Пятигорское, Целиноград ауданының Жанаесиль; 5 ФАП: Буланды ауданының Партизанка және Алтынды, Жақсы ауданының Кировское, Целиноград ауданының Жарлыколь, Шортанды ауданының Пригородное;
1 медициналық пункт: Целиноград ауданының Шалкар ауылдарында)
.

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қалаларда орталық сумен жабдықтауға - 99%, жылумен жабдықтауға - 68,6% қолжетімділік. Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу - 96,6%.

2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 34,4 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 42 объектінің құрылысына (18,7 млрд. теңге) және 43 объектіні қайта жаңартуға
(13 млрд. теңге), 7 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (341,4 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (769,9 млн. теңге), 12 объектіні ағымдағы жөндеуге (560,2 млн. теңге,), 41 КБМ (1 млрд. теңге) орнатуға бағытталды.

  1. 9. Қоғамдық қауіпсіздік.

2025 жылғы қаңтар-мамырда ауыр қылмыстардың 27,5%-ға төмендегені байқалды, олардың ашылуы 75,4%-ды құрады. Аса ауыр қылмыстар саны 2,1 есеге төмендеді, олардың ашылуы
100%-ды құрады.

 

Дата публикации
19 июня 2025