2025 жылғы 15 маусымда Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімін сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 21 434 азамат енгізілді.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны – 11 553, оның ішінде
2 - есептен шығару куәліктері бойынша, үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны - 148.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Зеренді ауданы әкімін сайлауда келесі қорытындылары белгіленді:
С.Ш. Байсеитов үшін 2 148 сайлаушы дауыс берді,
А.А. Есымбаев үшін 945 сайлаушы дауыс берді.
Ә.А. Құрманғожин үшін 7576 сайлаушы дауыс берді
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 581.
Сайлау қорытындысымен Зеренді ауданының әкімі болып Құрманғожин Әсет Асылбекұлы сайланды, 1988 жылы туған, «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысының орынбасары, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады.