2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 65,336 мың бірлікті құрады (2024 жылғы мамырға 102,5%).
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 60,304 мың бірлікті құрайды (2024 жылғы мамырға 103,6%).
Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 92,3 %-ды құрады.
2025 жылғы 1 маусымдағы ШОК субъектілерінің құрылымы:
- шағын және орта кәсіпкерлік – 9 557 бірлік
- жеке кәсіпкерлер – 44 271 бірлік
- шаруа (фермер) қожалықтары – 6 476 бірлік
2025 жылғы қаңтар-мамырда ШОК субъектілерінен 78,320 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2024 жылғы ұқсас кезеңге 103,4%, салықтардың жалпы түсімінің 30,6%-ы).
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 148,484 мың адамды құрады (2023 жылғы желтоқсанға 102,3%).
2024 жылғы қаңтар – желтоқсанда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1 999,494 млрд. теңгені құрайды (2023 жылғы ұқсас кезеңге 112,2%).
2024 жылғы қаңтар - желтоқсанда ШОК-тің жалпы қосылған құны 1 134,9 млрд.теңгені немесе 27,7% -ды құрайды.
2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында ШОК субъектілерінде 3 139 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).
2025 жылғы қаңтар-сәуірде ЕДБ ШОК субъектілеріне 55,9 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 94,5%-ын құрайды (немесе банк секторы несиелерінің жалпы көлемінің 32,2%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 23,8%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 1,6%-ды құрайды.