Ақмола облысының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындау туралы хабарлама

Көкшетау, Степногорск, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Біржан сал, Бұланды, Бурабай, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайын, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды  аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2025 жылғы 4 маусымдағы ауыл, кент, және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы қаулыларының негізінде, Ақмола облысында 2025 жылдың 13 шілдеге келесі әкімдерінің сайлауы тағайындалды:

  • Көкшетау қ. Станционный кентінің әкімін;
  • Степногор қ. –Бестөбе, Заводской кентерінің, Изобильное, Карабулак ауылдарының, Богенбай ауылдық округтерінің  әкімдерін;
  • Ақкөл ауданы –Жалғызқарағай а/о, Азат ауылының әкімдерін;
  • Аршалы ауданы –Аршалы, Жібек жолы кенттерінің, Ақбұлақ, Берсуат, Ижевский, Елток ауылдық округтерінің әкімдерін;
  • Астрахан ауданы – Каменка ауылының, Есіл, Жалтыр, Николаев, Первомай, Узынкөл ауылдық округтерінің  әкімдерін;
  • Атбасар ауданы – Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімін;  
  • Біржан сал ауданы–Донской, Заурал ауылдық округтерінің әкімдерін;
  • Буланды ауданы –  Алтынды, Амангелды, Никольский, Ергольский ауылдық округтерінің  әкімдерін;
  • Бурабай ауданы – Златопольский, Қатаркөл, Урымқай ауылдық округтерінің әкімдерін;
  • Егіндікөл ауданы –Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімін;
  • Ерейментау ауданы – Сілеті ауылының, Бестоғай, Күншалған,Тайбай, Өленті ауылдық округтерінің әкімдерін;
  • Есіл ауданы – Красногорский кентінің, Ақсай, Знаменка, Московское ауылдарының,  Бұзылық, Зареченский, Қаракөл, Красивинский ауылдық округтерінің  әкімдерін;
  • Жақсы ауданы – Новокиенка, Терісаққан ауылдарының,  Ешим ауылдық округінің  әкімдерін;
  • Жарқайын ауданы –Тасөткел, Шойындыкөл, Пригород, Пятигор, Львов, ауылдарының әкімдерін;
  • Зеренді ауданы - Алексеевка кентінің, Сәкен Сейфуллин атындағы, Троицк ауылдық округтерінің  әкімдерін;
  • Қорғалжын ауданы – Кеңбидаик, Майшуқыр, Сабынды ауылдық округтерінің әкімдерін;
  • Сандықтау ауданы – Бірлік, Каменск ауылдық округтерінің әкімдерін;
  • Целиноград ауданы – Ақмол, Ақжар, Оразақ, Шалқар ауылдық округтерінің әкімдерін;
  • Шортанды ауданы – Бозайғыр, Новокубанский, Пригородный ауылдық округтерінің әкімдерін.

Сайлауды тағайындау бойынша, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Дата публикации
05 июня 2025