Сайлау процесінің құқықтық негіздері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлауды өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері туралы білімді жетілдіру мақсатында, ағымдағы жылғы 28-30 қазан аралығында Ақмола облыстық сайлау комиссиясы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалымен бірлесіп «Сайлау процесінің құқықтық негіздері және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізді.
Семинар бағдарламасына мынандай тақырыптар енгізілді:
Семинар жұмысы барысында тыңдаушылармен сайлау күнін модельдейтін кейстік жағдайларды талдау бойынша практикалық сабақтар пысықталды. Барлық сабақтар оффлайн режимінде, сұрақ-жауап форматында өтті, яғни семинарға қатысушылардың барлығы сұрақтарға қажетті жауаптар алды.
Семинардың тренингтен кейінгі сүйемелденуі аясында барлық қатысушылар үлестірме әдістемелік материал және одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар алды.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша барлық семинарға қатысушылар тестілеуден өтті.
31 қазан 2020 жыл.