Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 99 822,1 млн. теңгені (НКИ – 107,5%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 950,7 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 98 858,4 млн. теңге (НКИ – 107,6%) құрады.

Облыста барлығы 8650 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1910 - заңды тұлғалар, 522 - жеке кәсіпкерлер, 6218 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-сәуірде 12,4 млрд. теңгені құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,5 млрд. теңгені құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 21,5% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 400,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 85,9 мың адам (2025 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша).

2025 жылдың 1-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 269,6 мың теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2% - ға өсті (2024 жылдың қаңтар-наурыз – 207,0 мың теңге немесе 106,9%).

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау

АӨК субсидиялау

Субсидиялау түріндегі 2025 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 63,3 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 26,6 млрд. теңге (пестицидтер – 9 687,5 млн. теңге, тыңайтқыштар – 15 171,4 млн. теңге, тұқымдар– 1 235,0 млн. теңге, басым дақылдар – 500 млн. теңге);

-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,7 млрд. теңге;

 - қаржы құралдары – 30,3 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар –       21 014,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 9 245,3 млн. теңге, қарыздарға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде-86,76 млн. теңге);

-терең өңдеуді субсидиялауға – 0,6 млрд. теңге.

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2025 жылғы қаңтар-сәуірде АШТӨ барлығы 11,7 млрд. теңге сомасына 379 бірлік техника сатып алды.

Мал шаруашылығы

2025 жылғы қаңтар-сәуір айларында облыста тірі салмақтағы ет 71,6 мың тонна (111,3%), сүт – 62,1 мың тонна (103%), тауық жұмыртқасы – 212,9 млн. дана (97,3%) өндірілді.

Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 449,7 мың басты (2024 жылдың ұқсас кезеңіне 101,5%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 188,0 мың бас (100,6%).

Жылқылардың саны 277,3 мың басты (107,8%), құстар – 9654,9 мың басты (102,7%) құрады.

Қой мен ешкі саны 709,9 мың басты (110%), шошқа – 50,7 мың басты (82,4%) құрады.

2025 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру

2025 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 46,5 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:

- сүт өндіру бойынша-22,8 млрд. теңге сомасына 5 жоба;

- егістіктерді суару бойынша-10,3 млрд. теңге сомасына 7 жоба;

- ет өндіру бойынша 0,7 млрд. теңге сомасына 1 жоба;

- АШ өнімдерін қайта өңдеу бойынша-6,1 млрд. теңге сомасына 2 жоба;

- астық сақтау бойынша-6,5 млрд. теңге сомасына 5 жоба.

Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу

         Ақмола облысында:

          - өндірістік қуаттылығы жылына 128,9 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын;        

         - өндірістік қуаттылығы жылына 149,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;

         - өндірістік қуаттылығы жылына 1365,8 мың тоннаны құрайтын 28 ұн тарту;

         - кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 138,0 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында 94,1 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға өсті.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 43,5%, сүт – 11,6%, өсімдік майы – 16,9%, астық өңдеу – 13,5%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 2,2%, өзге салалар – 12,3% алады.

Етті қайта өңдеу

Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 34,5 мың тонна ет өндірді, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 16,2% - ға өсті, шұжық өнімдері - 1028 тонна 2024 жылдың өткен жылдың деңгейінде.

Сүтті қайта өңдеу

Өңделген сүт өндірісінің көлемі 44,3 мың тоннаны құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 13,1% - ға өсті, сары май 742 тонна немесе 3,9% - ға өсті, ірімшік және сүзбе – 511 тонна, ашымал сүт өнімдері – 3,0 мың тонна өндірілді немесе 7,2% - ға өсті.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндірілген өсімдік майының көлемі 28,7 мың тоннаны 2024 жылдың өткен жылдың деңгейінде.

Ұн өндіру

Ұсақ тартылған ұн 67,2 мың тонна құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 4,8% - ға өсті.

Дата публикации
23 мая 2025