2025 жылғы 1 мамырға әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде Ақмола облысының 59 кәсіпкері тіркелген (а. ж. 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мәліметтер), оның ішінде:
- бірінші санат бойынша – 4 кәсіпкер;
- екінші санат бойынша – 1 кәсіпкер;
- үшінші санат бойынша – 25 кәсіпкер;
- төртінші санат бойынша – 29 кәсіпкер.
Ақмола облысында 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен
ШОК субъектілеріне қаржылық қолдау
Ақмола облысында су тасқыны салдарынан 28 шағын және орта бизнес субъектісі зардап шекті.
2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларына (бұйрықтың мерзімі 20.12.2024 ж. аяқталды) сәйкес Ақмола облысындағы су тасқыны салдарынан бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу туралы өтініштерді қарау жөніндегі өңірлік комиссия құрылды (29.04.2024 ж. облыс әкімдігінің қаулысы).
2024 жылғы 22 мамыр мен 2024 жылғы 4 желтоқсан аралығында өңірлік комиссия Ақмола облысында су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың орнын толтыру туралы 28 өтінішті қарады, оның ішінде өңірлік комиссия мүшелері бірауыздан жалпы сомасы 153,3 млн.теңгеге 27 бизнес субъектісіне мүліктік шығындардың орнын толтыру туралы оң шешім қабылдады.
2024 жылғы 13 желтоқсанға 27 кәсіпкерге 153,3 млн. теңге сомасында өтемақы төленді.
Анықтама: 22 бизнес субъектісіне 139,6 млн. теңге сомасында залал РБ қаражаты есебінен өтелді, 5 бизнес субъектісіне 13,7 млн. теңге сомасында залал Көкшетау қаласы, Целиноград ауданы әкімдігінің және бюджеттен тыс қордың қаражаты есебінен өтелді.
1 бизнес субъектісіне өңірлік комиссия мүшелері бірауыздан бас тарту туралы шешім қабылдады (Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі).
Бұдан басқа, ағымдағы жылы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің мүліктік шығындарын өтеуді қаржыландыру жөніндегі жұмысты жалғастыру шеңберінде 2024 жылғы су тасқыны салдарынан жылжымайтын мүлік бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары бекітілді (бұйрықтың қолданылу мерзімі 31.03.2025 ж.аяқталды).
2025 жылғы 28 наурызда өңірлік комиссия 2024 жылғы су тасқыны салдарынан жылжымайтын мүлік бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген мүліктік шығындардың орнын толтыру туралы 1 өтінішті қарады.
Отырыс қорытындысы бойынша өңірлік комиссия мүшелері бірауыздан жергілікті бюджет қаражаты есебінен 23,3 млн. теңге сомасына мүліктік шығындардың өтемақысын мақұлдау туралы шешім қабылдады (Атбасар ауданы).