Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.
01.04.2025ж. халық саны – 787,3 мың адам, оның ішінде қалалық - 452 мың адам (57,4%).
Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,8%, орыстар – 26,3%, басқалар – 16,9%
2025 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде 722 жұмыс орнын құра отырып, 9,7 млрд. теңгеге 7 жобаны іске асыру жоспарлануда.
2025 жылы шағын және орта бизнесті қолдау және дамытуды іске асыруға 8,6 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 7,7 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 276,3 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 428,1 млн. теңге.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 43,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды немесе 2024 жылғы көрсеткішке қарағанда 1,7 есе.
Орташа айлық атаулы жалақы 2025 жылғы қаңтар-наурызда 343,5 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 9,6%-ға жоғары.
Тұтыну бағаларының индексі 105,1%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 106,1%-ды құрады.
2025 жылдың 1 мамырына 210,6 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 97,4% игерілді.
Мемлекеттік бюджетке 191,1 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 111,6%, оның ішінде республикалық бюджетке – 111,5 млрд. теңге (болжамға 105,9%), жергілікті – 79,6 млрд. теңге (болжамға 120,8%) түсті.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 94,4%.
Білім саласында Сандықтау (Петровка а.), Біржан сал
(Бұланды а.), Целиноград (Жаңа Жол а.) аудандарында 240 орынға мектептердің құрылысы аяқталу сатысында.
Степногорск (Бестөбе а.) және Көкшетау қалаларында
2 мектептің, сондай-ақ Қосшы және Көкшетау қалаларында және Целиноград ауданында (Қараөткел а.) 3 балабақшаның құрылысы жалғасуда.
Денсаулық сақтау саласында Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аурухана құрылысы жалғасуда.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде 10 нысанның құрылысы жалғасуда (4 дәрігерлік амбулатория: Астрахан ауданының Старый Колутон, Аршалы ауданының Арнасай, Жарқайың ауданының Пятигорское, Целиноград ауданының Жанаесиль; 5 ФАП: Буланды ауданының Партизанка және Алтынды, Жақсы ауданының Кировское, Целиноград ауданының Жарлыколь, Шортанды ауданының Пригородное;
1 медициналық пункт: Целиноград ауданының Шалкар ауылдарында).
2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 24,3 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 40 объектінің құрылысына (9,5 млрд. теңге) және 44 объектіні қайта жаңартуға
(12,1 млрд. теңге), 7 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (341,4 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (769,9 млн. теңге), 12 объектіні ағымдағы жөндеуге (560,2 млн. теңге,), 41 КБМ (1 млрд. теңге) орнатуға бағытталды.
2025 жылғы қаңтар-сәуірде ауыр қылмыстардың 22,7%-ға төмендегені байқалды, олардың ашылуы 75%-ды құрады. Аса ауыр қылмыстар саны 2,1 есеге төмендеді, олардың ашылуы
100%-ды құрады.