Ақпараттық хабарлама
(2025 жылғы 15 маусымдағы сайлау)
Зеренді ауданының әкімін сайлау 2025 жылдың 15 маусымына тағайындалуына байланысты «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінің редакциялары үгіт материалдары үшін баспасөз бетінен орын береді.
Материалдар электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
Үгіт материалдары алдын ала 100 % төленгеннен кейін, олардың түсу тәртібі мен «АА» және «АП» -мен жасалған шарттарда белгіленген күндерге сәйкес жарияланады.
Мазмұны, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңының талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.
Газеттердің баспа нұсқаларында жарияланған барлық материалдар басылымдардың интернет-сайттарында, сондай-ақ «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде қайталанады.
Үгіт материалдарын орналастыру құны:
- Бірінші және соңғы толық түсті беттердегі бағасы 1 шаршы см- 750 теңге
- Екінші, үшінші қара-ақ беттердегі бағасы 1 шаршы см- 650 теңге
- «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде ауданы
100 шаршы сантиметр модуль: бірінші және соңғы толық түсті беттерде
ҚҚС (қосылған құн салығы) қоса есептегенде - 75 000 теңге, екінші, үшінші ақ-қара беттерде ҚҚС есебімен - 65 000 теңге.