2025 жылғы 11 мамырға тағайындалған Ақмола облысындағы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2025 жылдың 11 мамырда  Ақмола облысының 8 ауданында 14 сайлау округі бойынша ауылдар, кенттер, ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті: Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімін; Астрахан ауданы Астрахан, Новочеркасск, Старый Колутон, Острогорск ауылдық округтерінің әкімдерін; Біржан сал ауданы Еңбекшілдер ауылдық округі мен Кеңащы ауылының әкімдерін; Бурабай ауданы Атамекен, Успеноюрьев  ауылдық округтерінің әкімдерін; Зеренді ауданы Кызылсая ауылдық округінің  әкімін; Сандықтау ауданы Васильев, Лесное ауылдық округтерінің әкімдерін; Жарқайын ауданы Гастелло ауылының  әкімін; Шортанды ауданы Андреев  ауылдық округінің әкімін.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 12294(69,08%) азамат енгізілді, оның ішінде 8493 дауыс беруге қатысты.

Әкімге кандидаттар саны  – 42 адам.

Барлық 14 ауылдық округтерінде және 2 ауылда  әкімдер сайланды. Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 9, өзін өзі ұсыну -5 адам.

Әкімдер болып сайланды:9 – мемлекеттік қызметшілер (оның ішінде 5 - жұмыс істеп тұрған әкімдер), 2 – бюджеттік саласының жұмыскері, 2 коммерциялық саласының жұмыскері, 1-уақытша жұмыс істемейді.

Сайлаушылардың максималды қатысуы 84.87% (Біржан сал ауданы  Кеңащы  а.),  минималды – 65.76% (Ақкөл ауданы Еңбек а/о).

Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

 

 

Дата публикации
13 мая 2025