Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7-15 мамыр

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23-25 мамыр

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 28-30 мамыр                

Эссе: 4-6 маусым

Сұхбат: 12 маусым

Анықтама телефоны: 87162297231

Е-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 512 004 теңге

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы жұмысты үйлестіру, бақылау. Міндеттерді бөлуге сәйкес ауданның басқармаларымен және кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға, нарықтық қатынастарға, аудан экономикасын қайта құрылымдауға талдау жүргізу. Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, Нарықтық қатынастар мәселелерімен айналысу. Монополияға қарсы және баға саясаты мәселелерін жүргізу, банктердің жұмысын үйлестіру. Жаңа экономикалық құрылымдарды, инновациялық жобаларды қолдау. Жер реформасы бағыттарын іске асыру. Ауданның сәулет, қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясаттың сақталуын бақылау. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының, стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын бақылау. Құқықтық сипаттағы мәселелерді, жетекшілік ететін салаларды қарау кезінде сот, құқық қорғау және өзге де органдарға қатысу. Әзірлеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде зардаптарды жою және залалды азайту жөнінде шаралар қабылдау. Аварияларды, төтенше жағдайларды тергеуге қатысу. Жетекшілік ететін салалар мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау. ҚР заңдарын, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелеріне қатысты шешімдері мен өкімдерін бақылау және орындау жөніндегі жұмысты үйлестіру. Ауданды азық-түлік астығымен және оны қайта өңдеу өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру. Жетекшілік ететін мемлекеттік органдарда бюджет қаражатының уақтылы игерілуін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау. Өте құпия және құпия құжаттармен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Бизнес, басқару және құқық немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биологиялық және сабақтас ғылымдар немесе математика және статистика) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (ұлттық қауіпсіздік немесе қоғамдық қауіпсіздік) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
06 мая 2025