Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің 2026 жылғы 12 сәуірді қоса алғандағы мерзімге бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге деін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығыға құқылы)

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.05.2025 - 14.05.2025

Қабылдау 1 этап: 15.05.2025- 19.05.2025

Қабылдау 2 этап: 21.05.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 22.05.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

25.05.2025

Сұхбат: 28.05.2025

        Анықтама телефоны: 87162297231

        D-O-3 санат (блок В) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693

        (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің
2026 жылғы 12 сәуірді қоса алғандағы мерзімге бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге деін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығыға құқылы) (№03-01).

 

Функционалдық міндеттері:

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, бухгалтерлік есепті бақылау және жүргізу. Жоғары тұрған органдардың және басқарма басшылығының тапсырмаларын, құжат айналымының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша Бөлім жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Штаттық кестені құру. Қаржылық, бюджеттік, салықтық және статистикалық есептілікті (тоқсандық, жартыжылдық және жылдық) жасау. Дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есепті жасау (е-Қаржымині бағдарламасында тоқсандық, жартыжылдық және жылдық). Е-Қаржымині бағдарламасында нысаналы трансферттерді іске асыру туралы есепті (ай сайын), нысаналы трансферттер мен субсидиялардың өзара операциялары бойынша ақпаратты жасау және қалыптастыру (жартыжылдық және жылдық есептілікке карточкаларды енгізу). Е-Қаржымині бағдарламасында есептілікті (бухгалтерлік баланс, жартыжылдық және жылдық есептілік нысандары) қалыптастыру. Жалақыны есептеу және аудару, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді аудару.
1С Бухгалтерия бағдарламасының жұмысы және жүргізілуі. Аударуға төлем құжаттарын, қазынашылықта шарттық міндеттемелерді қабылдау жөніндегі өтінімдерді ресімдеу. Аппаратты ұстау бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу, аппаратты мемлекеттік сатып алуды жүргізу. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында құжаттарды дайындау және орналастыру, аппарат бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептерді жасау. «Электрондық шот-фактуралар» АЖ бағдарламасында жұмыс істеу және жүргізу. Тізілімдерді, өтінімдерді жасау және қазынашылық органында шарттарды тіркеу, 1С Бухгалтерия бағдарламасында шарттар мен өтінімдерді тарату. Мемлекеттік органның аппаратын ұстау үшін бюджеттік өтінімдерді жасау. Басқарманы ұстауға және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының игерілуін бақылау. Мемлекеттік органның аппаратын ұстауға бюджеттік өтінімдердің жасалуын бақылау. Мемлекеттік органның жылдық жоспарын әзірлеуге және мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысу және бақылау. Мемлекеттік органның материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша ұсыныстар енгізу және бақылау.

 

Білімі бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
06 мая 2025