«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.05.2025 - 15.05.2025
Қабылдау 1 этап: 16.05.2025- 20.05.2025
Қабылдау 2 этап: 22.05.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.05.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
28.05.2025
Сұхбат: 02.06.2025
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Бас маман – мемлекеттік ветеринариялық дәрігер – Ақмола облысы ветеринария басқармасының Жарқайын ауданының аумағындағы өкілі
(05-07).
Функционалдық міндеттері:
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық
іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының және жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтау, тасымалдау (жеткізу) жағдайларын сақтауға бақылауды қамтамсыз ету. Уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының және жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностика үшін зертханаларға жеткізу және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтау. Өкілеттік шегінде келесі бюджеттік бағдарламалардың: «Эпизоотияға қарсы
іс-шараларды жүргізу», «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу», «Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру», «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру», «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі
іс-шараларды өткізу», «Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету», «Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу» сапалы орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.«Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторингті жүзеге асыру. Аумақтар бөлінісінде ауыл шаруашылығы жануарларының вакцинациясы және диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жинақтау. Эпизоотиялық ошақтарды олар пайда болған жағдайда зерттеп-қарауды өткізу. Эпизоотиялық зерттеп-қарау актісін беру. Ветеринариялық есеп пен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға және Басқармаға табыс ету. Басқарма басшылығымен анықталатын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
ветеринария саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.