«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.05.2025 - 15.05.2025
Қабылдау 1 этап: 16.05.2025- 20.05.2025
Қабылдау 2 этап: 22.05.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.05.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
28.05.2025
Сұхбат: 02.06.2025
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат (блок В) үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы ветеринария басқармасы бухгалтерлік есеп және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бөлімінің бас маманы (№03-04).
Функционалдық міндеттері:
Сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру үшін келесі қаржы жылына мекемеге бөлінген қаражатты ескере отырып, жылдық сатып алу жоспарларының жобаларын әзірлеуге және дайындауға қатысу; Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу; Нарық конъюнктурасын маркетингтік зерттеуді жүзеге асыру, сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты талдау; Заңда белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыру, екі тараптың қол қоюы үшін шарттарды дайындау; Жабдықтаушылардың жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін орындауын бақылау. Аумақтық қазынашылық органдарында азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу; Алғашқы құжаттаманы қабылдау және дұрыс ресімделуін тексеру – көрсетілген қызмет, орындалған жұмыс актілері, тауарларды қабылдау-тапсыру актісі, жеткізушілерден электрондық
шот-фактуралар, оларды төлеуге беру; Жабдықтаушыларға (мердігерлерге, орындарындаушыларға) талаптар бойша материалдары дайындау, олармен жасалған шарттарды талап ететін өзгертуді келісу; Қазынашылықтың аумақтық органымен банк құжаттарын ресімдеу және №3 мемориалдық ордерді жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.