Ақмола облысының білім басқармасы
Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01-12.05.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:20.05.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 23.05.2025
Сұхбат: 28.05.2025
Анықтама телефоны: 87162297246
D-R-3 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282693 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің сектор меңгерушісі
Функционалдық міндеттері:
Білім бөлімінің жұмыс жоспарының орындалуына және жоспарлануына бақылауды жүзеге асырады; әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары бойынша мемлекеттік стандарттардың, мемлекеттік, өңірлік және бағдарламалардың орындалуына, "Білім беру хабын дамыту" жобаларының, МЖӘ жобаларының іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады; бөлім кеңесіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, жалпы орта білім беруді дамыту, тәрбие жұмысы, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі тәрбие мен; ауданның білім беру кеңістігінде мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру мен тәрбие саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын іске асыру; негізгі жалпы және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың өткізілуін қамтамасыз ету; мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшы және педагог кадрларын аттестаттаудан өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру; Облыстық білім басқармасына, аудан әкімдігіне және басқа да мемлекеттік органдарға белгіленген есептіліктің уақытылы жасалуын бақылауды жүзеге асыру; бөлім қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша қаулылардың, шешімдер мен өкімдердің жобаларын әзірлеуге жалпы басшылықты және тікелей қатысуды қамтамасыз ету; жетекшілік ететін мәселелер бойынша басшының сөздерін дайындау; электрондық құжаттың тіркеу карточкасына тіркелген файлдарға электрондық-цифрлық қолтаңбамен бұрыштама қою және қол қою; Ауданның білім беру ұйымдарының жылу режиміне, энергиямен және сумен қамтамасыз етілуіне, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жағдайына, ауданның білім беру ұйымдарының ағымдағы және күрделі жөндеулерін ұйымдастыруға, бақылауға және іске асыруға бақылауды жүзеге асырады; базалық кәсіпорындармен, өртке қарсы қызметпен, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен, жол полициясымен, білім беру мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдармен байланысты жүзеге асырады; Білім бөлімінде этиканы сақтау бойынша бақылауды жүзеге асырады; басшы болмаған кезде ұйымдастыру-өкімдік және қаржы-шаруашылық құжаттарға бірінші қол қою құқығымен ауданның білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарады.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.