Ақмола облысы ветеринария басқармасы лицензиялау және өтеу бөлімінің жетекші маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.05.2025 - 12.05.2025

Қабылдау 1 этап: 13.05.2025- 15.05.2025

Қабылдау 2 этап: 19.05.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.05.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:23.05.2025
Сұхбат: 28.05.2025

Анықтама телефоны: 87162297231

        D-O-5 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700

        (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысы ветеринария басқармасы лицензиялау және өтеу бөлімінің жетекші маманы (№03-04).

 

Функционалдық міндеттері:

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру; ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуді үйлестіру; «Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін іс-шаралар көлемін жоспарлау (ауру жануарларды сою объектілеріне дейін тасымалдау); Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алудың бюджеттік өтінімдер жобалары басқармасының экономистерімен бірлесіп дайындау (ауру жануарларды сою объектілеріне дейін тасымалдау); жануарларды санитариялық сою жөніндегі іс-шаралардың жоспарланатын көлемінің өңірлерінен мәліметтерді жинау, жинақтау және талдау. Кіріс және шығыс хат-хабарлармен жұмысты жүзеге асыру; жоғары тұрған органға және басқа да мүдделі органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жүргізілетін жұмыс туралы ақпаратты (есептер, ішкі бақылау актілері, анықтамалар және басқалар) ұсынады. Көрсетілген қызметтер актілеріне ай сайынғы тізілімдерді (ауру жануарларды сою объектілеріне дейін тасымалдау) келісу және өңірлерге барып өткізілген іс-шаралардың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру; облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының қозғалысына мониторинг пен талдауды жүзеге асыру (әкелу және әкету).

 

 

 

 

Білімі бойынша талап:

ветеринария саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.  Бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі

 

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
30 апреля 2025