Ақмола облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 1-12 мамыр

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 2025 жылғы 20-22 мамыр

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:                       2025 жылғы 25-27 мамыр                

Сұхбат: 2025 жылғы 30 мамыр

Анықтама телефоны: 87162297231

D-О-2 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 441 254 теңге

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

Ақмола облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары

Функционалдық міндеттері: басқарманың жетекшілік ететін бөлімінің жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады; қала құрылысы жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының жиынтық қорытындысын беруді қамтамасыз етеді, жергілікті атқарушы органға елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу және түзету және инженерлік коммуникацияларға түгендеу жүргізу бойынша ұсыныстар дайындауды, облыс аумағында қала құрылысы жобаларын әзірлеу барысын және оларды келісуді, басқарманың мемлекеттік қызметтерін көрсетуді, облыс әкімінің, оның орынбасарларының, басқарма басшысының сәулет, қала құрылысы және  мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады; жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды бақылау.

Білімі бойынша талап: инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (құрылыс немесе геодезия және картография немесе сәулет немесе кадастр немесе жерге орналастыру немесе инженерлік жүйелер және желілер) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

        Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

  2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
30 апреля 2025