Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы адам ресурстарын басқару, жиынтық-талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2027 жылғы 24 мамыр қоса алғандағы мерзімге бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге деін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығыға құқылы)

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.04.2025 - 08.05.2025

Қабылдау 1 этап: 12.05.2025- 14.05.2025

Қабылдау 2 этап: 16.05.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.05.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

21.05.2025

Сұхбат: 26.05.2025

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат (блок В) үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы адам ресурстарын басқару, жиынтық-талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2027 жылғы 24 мамыр қоса алғандағы мерзімге бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге деін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығыға құқылы) (№08-05).

 

Функционалдық міндеттері:

Келіп түскен құжаттар мен тапсырмалардың (хаттар, сұраулар және т.б.) сапалы қаралуын және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Әкім, облыс әкімінің орынбасары және басқарма басшысы басқаратын кеңестерге, облыстық комиссиялардың отырыстарына, үйлестіру кеңестеріне, кездесулерге және т.б. ақпарат жинауды және дайындауды жүзеге асырады. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының құрылымдық бөлімшелері мен медициналық ұйымдарының қызметіне практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Облыстың барлық медициналық ұйымдарында ақпараттық жүйелерді енгізуді және интеграциялауды қамтамасыз ете отырып, электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Облыстың денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруға тұрақты мониторинг және талдау жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

 

Білімі бойынша талап:

        бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе құқықтану немесе халықаралық құқық) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе денсаулық сақтау саласында жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
29 апреля 2025