Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы адам ресурстарын басқару, жиынтық-талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.04.2025 - 08.05.2025

Қабылдау 1 этап: 12.05.2025- 14.05.2025

Қабылдау 2 этап: 16.05.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.05.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

21.05.2025

Сұхбат: 26.05.2025

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат (блок В) үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы адам ресурстарын басқару, жиынтық-талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (№08-04).

 

Функционалдық міндеттері:

Басқарма өткізетін кеңестерді, форумдарды, съездерді, салтанатты және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады. Облыс әкімдігінің, денсаулық сақтау органдары алқасының және өзге де кеңестердің отырыстарына, сондай-ақ басқарма басшысы үшін есепті кезеңде атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат жинауды және дайындауды жүзеге асырады. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының кеңестерінде және басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін қорғауды және ұсынуды жүзеге асырады. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының құрылымдық бөлімшелері мен медициналық ұйымдарының қызметінде практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Облыс әкімдігі, басқарма басшысының және жоғары тұрған мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) медициналық ұйымдарына халықпен кездесулер, жұмыс сапарларын өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады және ұйымдастырады. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, облыс әкімдігінің, денсаулық сақтау басқармасы басшысының тапсырмаларының сапалы орындалуына талдау мен мониторингті жүзеге асырады. Басқарма басшысының жұмысына қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауды жүзеге асырады. Басқарма басшысы өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау бойынша жұмыстарды орындайды. Ақпараттық материалды өңдеуді және басқарманың интернет-ресурстарында жариялауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асырады..

 

 

Білімі бойынша талап:

        Бизнес, басқару және құқық саласында (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе құқықтану немесе халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтану немесе саясаттану немесе журналистика) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе денсаулық сақтау саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
29 апреля 2025