Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы құқықтық қолдау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.04.2025 - 08.05.2025

Қабылдау 1 этап: 12.05.2025- 14.05.2025

Қабылдау 2 этап: 16.05.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.05.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

21.05.2025

Сұхбат: 26.05.2025

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат (блок В) үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы құқықтық қолдау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің бас маманы (№07-02).

 

Функционалдық міндеттері:

        Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жобаларды іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін жобалау мен салудың барлық кезеңдерінде мониторингті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады, концессиялық жобалар бойынша сот талқылауларына қатысады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша анықтамалар, материалдар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды жүзеге асырады. Бюджеттің, Қаржы-шаруашылық қызметтің атқарылуына ішкі бақылауды жүзеге асырады. Бюджет қаражатын мақсатсыз және тиімсіз пайдаланудың жолын кесу және оған жол бермеу жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстарды тексеру қорытындылары бойынша дайындауды қамтамасыз етеді. Басқарманың стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. Бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз етеді, тексерулерге қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

 

Білімі бойынша талап:

Бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) саласында жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
29 апреля 2025