Бұланды ауданы әкімінің орынбасары

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 26 сәуір – 5 мамыр

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 2025 жылғы 15-17 мамыр

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:                  2025 жылғы 21-23 мамыр

Эссе: 2025 жылғы 21-23 мамыр

Сұхбат: 2025 жылғы 5 маусым

Анықтама телефоны: 87162297231

Е-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 512 004 теңге

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

Бұланды ауданы әкімінің орынбасары

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы, ветеринария, кәсіпкерлік және туризм, жөніндегі жұмыстарды және  жедел мәселелерін үйлестіру. Ауданның ауыл шаруашылығын дамытудың қабылданған стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ету, ауылшаруашылығы өндірісін дамытудың жоғары қарқынына қол жеткізу. Ауылшаруашылық өнімнің өңдірісін арттыру және оның сапасын жақсарту бойынша  бақылауды жүзеге асыру.  Ауыл шаруашылығы саласындағы аудандық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, бақылау және мониторинг жүргізу. Ауданды азық-түліктік астықпен және оның өнімдерімен қамтыуына мониторинг жүргізу. Ауылшаруашылық құрылымдардың егіс алаңдары, алынған астық пен оның өнімділігі туралы берілген мәліметтерге мониторинг жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау.  Өнеркәсіпті, шағын кәсіпкерлік пен туризмді дамыту саласында мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыруды  бақылау. Өнеркәсіп, шағын бизнес, туризм объектілерінің жұмыстарын үйлестіру. Туризмді дамыту бойынша мемлекеттік және аудандық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру. Шағын кәсіпкерлікті  қолдаудың салалық  бағдарламаларын әзірлеуге байланысты  кешенді жұмыстарды басшылыққа алу. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету. Ауданда ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жұмыстарды басқару, аудан аумағында эпизоотияға қарсы, профилактикалық, ветеринарлық-санитарлық және күзет жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Малдарды  сақтауды ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіру. Ауданда жер реформасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру. Ауданда жерге орналастыру жұмыстарымен байланысты барлық қызметтердің жұмыстарын үйлестіру. Ұйымдар мен кәсіпорындардың, тауар өндірушілердің, шаруа қожалықтарының жер заңнамасының сақтаулына бақылауды жүзеге асыру. ҚР жер заңнамаларын сақтау жөніндегі сұрақтар бойынша  азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау. Ауданда мемлекеттің  монополияға қарсы және баға саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің қызметін үйлестіру. Жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы даулар бойынша құқықтық көмекті ұйымдастыру және көрсету. Агроөнеркәсіптік саласында кешен мемлекеттік техникалық тіркеу жұмысын  бақылау. Ветеринарлық қадағалауды ұйымдастыру, жалпы эпизоотиялық және  экологиялық  жағдайды  жақсарту, табиғатты қорғау, су және  орман  ресурстары, балық және аңшылық   шаруашылығы мәселелері  бойынша  мемлекеттік органдармен және кәсіпорындармен өзара  әрекеттесу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе мал шаруашылығы немесе орман шаруашылығы немесе  балық шаруашылығы  немесе агроинженерия) немесе педагогикалық ғылымдар (биология) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биология және сабақтас ғылымдар немесе математика және статистика)  немесе  ветеринария немесе  бизнес, басқару және құқық  немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс (өңдірістік  және өңдеу салалары) немесе қызмет көрсету (қызмет көрсету аймағы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  (гуманитарлық ғылымдар немесе тілдер және әдебиет) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
29 апреля 2025