Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетика және жылумен жабдықтау объектілерін пайдалану бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.04.2025 - 05.05.2025

Қабылдау 1 этап: 06.05.2025- 12.05.2025

Қабылдау 2 этап: 14.05.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 15.05.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

18.05.2025

Сұхбат: 21.05.2025

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

        Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетика және жылумен жабдықтау объектілерін пайдалану бөлімінің бас маманы (№04-02).

 

Функционалдық міндеттері:

        Облыстың қалаларында және аудандарында коммуналдық қызметтердің төлеміне (дебиторлық берешек) талдау. Жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың көліктің барлық түрлерімен жанармай тасу тарапынан жабдықтауын бақылау. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімшелерімен жанармай жеткізу үшін вагондар және цистерналармен  қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру. Энергетика және жылумен жабдықтау саласында әлеуметтік-экономикалық даму бойынша мемлекеттік бағдарламаларды және кешенді жоспарларды іске асыру бойынша аналитикалық ақпаратты дайындау. Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша салалық қорытындылар жасау. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау. Жылумен қамтамасыз ету саласында перспективалық дамыту мақсатында міндеттерін іске асыру. Электрмен және жылумен жабдықтау саласындағы объектілердің (инженерлік желілер) құрылысын іске асыруды сүйемелдеу. Өз құзыреті шегінде жоғары тұрған органдардың және басқарма басшылығының құжаттарын, тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау.

 

Білімі бойынша талап:

          инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе құрылыс немесе инженерлік жүйелер және желілер) саласындағы жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

 

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
29 апреля 2025