Ақмола облысы қаржы басқармасы мемлекеттік органдар, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала шығыстарының орындалуын талдау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2027 жылғы 5 ақпанды қоса алғанда бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы)

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.04.2025 - 05.05.2025

Қабылдау 1 этап: 06.05.2025- 12.05.2025

Қабылдау 2 этап: 14.05.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 15.05.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

18.05.2025

Сұхбат: 21.05.2025

Анықтама телефоны: 87162722931

D–O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы : 282 693 теңге

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

        Ақмола облысы қаржы басқармасы мемлекеттік органдар, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала шығыстарының орындалуын талдау бөлімінің  бас маманы (негізгі қызметкердің 2027 жылғы 5 ақпанды қоса алғанда бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы) (№05-04).

 

Функционалдық міндеттері:

        Бөлімнің құзіреті шегінде төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру, облыстық мәслихат сессиясының шешімдерін, әкімнің қаулыларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін жүзеге асыру бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу. Бөлімнің құзіреті шегінде нысаналы трансферттердің жүзеге асырылуына, бюджет шығындарының атқарылуына мониторинг жасау. Бөлімнің құзіреті шегінде облыстық бюджеттің  және облыс бюджетінің атқарылуы туралы аналитикалық есепті қалыптастыру. Тиісті қаржы жылына бөлімнің құзыреті шегінде жүргізілген бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларға талдау жүргізу.  Мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларын қарау және келісу. Желі, штаттар және контингенттер бойынша есептер қабылдау. МЖӘ шарттарының жобаларын қарау және келісу.  Бөлім құзыреті шегінде МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің мониторингі. Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу, мониторингілеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу. Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бөлім құзыреті шегінде қаржы басқармасы бойынша өзгерістер енгізу және олардың іске асырылуын талдау. Бөлімнің құзыреті шегінде бюджетті атқару бойынша аналитикалық анықтамаларды қалыптастыру.

 

 

Білімі бойынша талап:

        Бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) саласындағы жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

         Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
29 апреля 2025