«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.04.2025 - 05.05.2025
Қабылдау 1 этап: 06.05.2025- 12.05.2025
Қабылдау 2 этап: 14.05.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 15.05.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
18.05.2025
Сұхбат: 21.05.2025
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы - мемлекеттік құрылыс инспекторы (№02-02).
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мен тұрғын үй құрылысы туралы заңнамалық акті талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Басшылық және жоғары органдар тапсырмаларын уақтылы орындау. Салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) және пайдалануға берілген объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу. Жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану. Тапсырыс беруші ұсынған құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы хабарламаны қарастыру және тиісті талондар беру. Азаматтарды қабылдау, құрылысшылармен үнемі кеңес беру жұмыстарын жүргізу. Салынып жатқан объектілерге бару нәтижелері бойынша құрылыс субъектілеріне берілген нұсқамаларды орындауды бақылауды жүзеге асыру. Қала құрылысы және жобалау құжаттамасының, жобалық құжаттаманы сараптаудың сапасын бақылауды жүзеге асыру. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушінің, техникалық қадағалаудың, жобаны әзірлеушілердің авторлық қадағалау қызметін бақылауды жүзеге асыру. Бөлім құзіретіне енетін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін, хаттарды, өтініштерін, сұраулар мен шағымдарын қарастыру. Сот отырыстарында және құқық қорғау органдарының қызметінде маман ретінде қатысу. Басқарманың ішкі еңбек тәртібін сақтау. Бөлімнің функционалдық бағыттарының тізіміне енгізілген басқа да функцияларды орындау.
Білімі бойынша талап:
Инженерлік, өңдеу және құрылыс (құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру немесе көлік құрылысы немесе сәулет) саласындағы жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.