Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 8-1 тармақшасына, 113-1 бабының
1 тармағының 2 тармақшасына және 3 тармағына сәйкес, Ақмола облысы әкімінің «Ә.Д.Жақсылықов туралы» 2025 жылғы 4 сәуірдегі №16 ж/қ түскен өкімі  негізінде, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы» 2025 жылғы
28 суірдегі № 7/112 қаулысымен Зеренді ауданының әкімін сайлау 2025 жылдың
15 маусымына тағайындалды.

Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен:

  1. аудан әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылды;
  2. 2025 жылғы 15 маусымға тағайындалған аудан әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

 

Кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 29 сәуірінен басталады.

 

Сайлау туралы ақпарат аудандық «Зерделі Зеренді», «Зерен» газеттерінде және  Зеренді аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылады.

Дата публикации
28 апреля 2025