2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 64,719 мың бірлікті құрады (2024 жылғы наурызға 102,5%).
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 60,034 мың бірлікті құрайды (2024 жылғы наурызға 102,1%).
Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 92,8 %-ды құрады.
2025 жылғы 1 сәуірдегі ШОК субъектілерінің құрылымы:
- шағын және орта кәсіпкерлік – 9 533 бірлік
- жеке кәсіпкерлер – 43 987 бірлік
- шаруа (фермер) қожалықтары – 6 514 бірлік
2025 жылғы қаңтар-наурызда ШОК субъектілерінен 46,267 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2024 жылғы ұқсас кезеңге 101,9%, салықтардың жалпы түсімінің 34,1%-ы).
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 148,484 мың адамды құрады (2023 жылғы желтоқсанға 102,3%).
2024 жылғы қаңтар – желтоқсанда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1 999,494 млрд. теңгені құрайды (2023 жылғы ұқсас кезеңге 112,2%).
2024 жылғы қаңтар - қыркүйекте ШОК-тің жалпы қосылған құны 748,0 млрд.теңгені немесе 28,3% -ды құрайды.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында ШОК субъектілерінде 1 965 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).
2025 жылғы қаңтар-ақпанда ЕДБ ШОК субъектілеріне 23,1 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 100,0%-ын құрайды (немесе банк секторы несиелерінің жалпы көлемінің 30,8%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 17,9%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 1,3%-ды құрайды.